2016 жылғы 28 қаңтар, Алматы қаласы
Орталық контрагенттің тәуекелдерді басқару жүйесіне, орталық контрагенттің тәуекелдері мониторингінің, оларды бақылау мен басқарудың шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Орталық контрагенттің тәуекелдерді басқару жүйесіне, орталық контрагенттің тәуекелдері мониторингінің, оларды бақылау мен басқарудың шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Cәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы Д.АҚЫШЕВ
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 28 қаңтардағы № 11 қаулысымен бекітілген
Орталық контрагенттің тәуекелдерді басқару жүйесіне, орталық контрагенттің тәуекелдері мониторингінің, оларды бақылау мен басқарудың шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптар
1. Осы Орталық контрагенттің тәуекелдерді басқару жүйесіне, орталық контрагенттің тәуекелдері мониторингінің, оларды бақылау мен басқарудың шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) сәйкес әзірленді және орталық контрагенттің тәуекелдерді басқару жүйесіне, орталық контрагенттің тәуекелдер мониторингінің шарттары мен тәртібіне, бақылау мен басқаруға қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Талаптарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
баға тәуекелi – қаржы құралдары құнының қаржы құралдарының, тауарлардың нарықтық құнына әсер ететін қаржы нарығының талаптары өзгерген жағдайда туындайтын өзгеруі салдарынан шығыстардың (зиянның) туындау тәуекелі;
бедел тәуекелi – қоғамда орталық контрагенттің қаржылық сенімділігі, көрсетілетін қызметтердің сапасы немесе жалпы алғанда орталық контрагент қызметінің сипаты туралы жағымсыз пікір қалыптасуы салдарынан клиенттік базаның тарылуы, өзге де даму көрсеткіштерінің төмендеуі нәтижесінде залалдардың туындау, жоспарланған кірістердің алынбау ықтималдығы;
валюталық тәуекел – орталық контрагент өз қызметiн жүзеге асырған кезде шетел валюталары бағамдарының жағымсыз өзгерiстері салдарынан қаржылай шығындардың туындау ықтималдығы;
есеп айырысу ұйымы – қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуларды (төлемдерді) ұйымдастыруды жүзеге асыратын ұйым;
кепілдік беру қоры – орталық контрагенттің клиенттері активтерінің есебінен қалыптастырылған қаражат;
кредиттік тәуекел – контрагенттің келісілген талаптарға сәйкес өз міндеттемелерін орындамауы салдарынан туындайтын залалдардың туындау ықтималдығы;
құқықтық тәуекел – мыналардың:
контрагенттің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің талаптарын, сондай-ақ жасасқан шарттардың талаптарын бұзуы;
құқықтық жүйенің жетілдірілмеуі (заңнама қайшылығы, орталық контрагент қызметінің барысында туындайтын жекелеген мәселелерді реттеу бойынша құқықтық нормалардың болмауы);
қызметін жүзеге асыру кезінде құқықтық қателер жіберу (дұрыс емес заңдық консультациялар немесе құжаттарды дұрыс жасамау, оның ішінде сот органдарында даулы мәселелерді қарау кезінде);
орталық контрагенттің Қазақстан Республикасы заңнамасының, ал Қазақстан Республикасының бейрезиденттерімен қатынастарда – басқа мемлекеттердің қолданылатын заңнамасының талаптарын сақтамауы;
орталық контрагенттің жасасқан шарттардың талаптарын сақтамауы салдарынан залалдардың туындау ықтималдығы;
операциялық тәуекел – барабар емес немесе жеткіліксіз ішкі процестер, адам ресурстары мен жүйелері немесе сыртқы оқиғалар нәтижесінде залалдардың туындау ықтималдығы, оның ішінде:
ақпараттық технологиялар саласындағы барабар емес стратегиялар, саясаттар және (немесе) стандарттар, бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланудағы кемшіліктер нәтижесінде туындаған тәуекел;
барабар емес ақпаратқа не оны тиісінше пайдаланбауға байланысты тәуекел;
бизнес-процестердің барабар емес құрылуына не ішкі құжаттар мен қағидалардың сақталуының әлсіз бақылануына байланысты тәуекел;
жауапкершілікті бөлуді, есептілік пен басқарудың құрылымын қоса алғанда, орталық контрагенттің белгісіз, барабар емес ұйымдық құрылымымен байланысты тәуекел;
қызметкерлерді тиісінше басқармауға және (немесе) орталық контрагенттің біліксіз қызметкерлеріне байланысты тәуекел;
орталық контрагенттің ішкі құжаттарының заңнаманың талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты тәуекел;
орталық контрагенттің қызметіне теріс әсер етуі мүмкін банк қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне, алаяқтыққа байланысты тәуекел;
орталық контрагенттің операцияларына сыртқы ықпал етудің болжанбаған немесе бақыланбайтын факторлары тудырған тәуекел;
орталық контрагенттің – клирингтік ұйым, орталық депозитарий, қор биржасы немесе қор биржасының сауда жүйесінде мәмілелер жасау кезінде орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын өзге ұйым;
орталық контрагенттің меншікті активтері – орталық контрагенттің жарғылық капиталын, орталық контрагенттің резервтік қорын қоса алғанда, орталық контрагенттің активтері, сондай-ақ орталық контрагенттің клиенттерінің ақшасы мен қаржы құралдарын қоспағанда, орталық контрагенттің қызметіне түсетін пайда есебінен қалыптастырылған активтер;
өтiмдiлiкті жоғалту тәуекелi – орталық контрагенттің өз міндеттемелерін айтарлықтай шығындар шекпестен белгіленген мерзімде орындауға қабілетсіздігі нәтижесінде залалдардың туындау ықтималдығы;
пайыздық тәуекел – активтер, пассивтер мен баланстан тыс құралдар бойынша нарықтық пайыздық мөлшерлемелердің жағымсыз өзгеруі салдарынан қаржылай залалдардың туындау ықтималдығы;
резервтік қор – орталық контрагенттің меншікті активтерінің есебінен қалыптастырылған және орталық контрагент қызметінің тәуекелдерін төмендеуге арналған қаражат;
стресс-тестинг – орталық контрагенттің қызметіне ықпал ететін орталық контрагенттің қаржылық жағдайына ерекше болатын, бірақ ықтимал оқиғалардың әлеуетті ықпал етуді өлшеу әдістері;
тәуекел – күтілетін немесе болжанбаған оқиғалар орталық контрагентке, оның капиталына немесе кірістеріне жағымсыз әсер ететін ықтималдық;
уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган.
3. Орталық контрагенттің директорлар кеңесі тәуекелдерді басқару жүйесінің Талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз етеді және орталық контрагент органдарының, бөлімшелерінің және қызметкерлерінің оларға тәуекелдерді басқару саласы бойынша жүктелген міндеттерді орындауы үшін жағдайлар жасайды.
4. Орталық контрагенттің тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптар былайша бөлінеді:
1) тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын базалық талаптар;
2) ұйымдық құрылымына қойылатын талаптар;
3) мониторингке, бақылауға және тәуекелдерді басқару тәртібіне қойылатын талаптар;
4) меншікті активтер есебінен қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыру бойынша қызметін ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
5) ішкі бақылау жүйесінің болуына қойылатын талаптар.
5. Орталық контрагент жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 (бірінші) шілдесінен кешіктірмей уәкілетті органға Талаптарға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптардың орындалуын бағалау бойынша есеп береді.
6. Орталық контрагент Талаптардың 30-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген тәуекелдердің түрлері бойынша орталық контрагенттің тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатында көзделген тәртіппен ай сайын стресс-тестинг жүргізеді.
7. Талаптардың 30-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген тәуекелдер бойынша стресс-тестинг нәтижелері орталық контрагенттің тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатында белгіленген тәртіппен ресімделеді және тоқсанына кемінде бір рет, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5 (бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде уәкілетті органға ұсынылады.
8. Операциялық тәуекел бойынша стресс-тестинг нәтижелері орталық контрагенттің тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатында белгіленген тәртіппен ресімделеді және жартыжылдықта кемінде бір рет, есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 5 (бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде уәкілетті органға ұсынылады.
9. Орталық контрагентте тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы орталық контрагент қызметінің корпоративтік басқару талаптарына сәйкес келуін, бағалы қағаздар нарығында қызметтің кәсіби түрін жүзеге асыру шеңберінде операциялар жүргізу тәжірибесінің болуын көздейді.
10. Орталық контрагенттің тәуекелдерді басқару жүйесі өз қызметінде мынадай бағыттарды қамтиды:
1) сауда-саттық, қор биржасы, орталық депозитарий және (немесе) өзге есеп айырысушы ұйым қатысушылары ұсынатын ақпаратты жинау, енгізу, сақтау және тарату;
2) қор биржасының сауда жүйесінде жасалған сауда-саттық және мәмілелер, сондай-ақ клиринг бойынша ақпарат жинау, талдау және сақтау;
3) орталық контрагенттің мүдделі органдарының шешімдер қабылдауы және орталық контрагенттің органдары мен бөлімшелері арасында ақпарат алмасу үшін ақпарат ұсыну;
4) орталық контрагенттің меншікті активтерін қаржы құралдарына инвестициялау;
5) арнайы резервтік және (немесе) кепілдік беру қорларын құру және пайдалану;
6) орталық контрагентті басқарудың ұйымдық құрылымын құру және жетілдіру;
7) сауда-саттыққа қатысушылармен жұмысты ұйымдастыру тәртібін анықтау, оның ішінде дауларды қарау және шешу, сондай-ақ сауда-саттыққа қатысушылардың өз міндеттемелерін орындамаған жағдайында тиісті шаралар қолдану рәсімдерін айқындау;
8) мынадай әдістердің көмегімен тәуекелдерді анықтау және сәйкестендіру:
процестің үздіксіз, үзіліссіз болуын қамтамасыз ету мақсатында орталық контрагенттің жүйесіне тұрақты мониторинг жүргізу;
орталық контрагенттің пайдаланылатын бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуінің аудиті;
орталық контрагенттің Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында және орталық контрагенттің тәуекелдерді басқару саласы жөніндегі саясатында белгілеген талаптарды сақтау мониторингі;
сауда-саттыққа клиринг қатысушыларының қаржылық жай-күйінің, сондай-ақ олардың орталық контрагенттің ішкі құжаттар талаптарына сәйкес келу мониторингі;
орталық контрагенттің тәуекелдерді басқару саласы жөніндегі саясатында көзделген тәртіппен стресс-тестинг өткізу;
9) ішкі құжаттарды әзірлеу және бекіту.
11. Тәуекелдерді басқару жүйесінде мынадай ішкі құжаттардың болуы көзделеді, бірақ онымен шектелмейді:
1) орталық контрагенттің тәуекелдерді басқару жөніндегі саясаттары;
2) орталық контрагенттің меншікті активтерін инвестициялау тәртібі;
3) арнайы резервтік және (немесе) кепілдік беру қорларын қалыптастыру, сондай-ақ пайдалану тәртібі мен талаптары;
4) ішкі бақылауды және ішкі аудитті жүзеге асыру рәсімдері;
5) орталық контрагентте орын алған және әлеуетті мүдделер қақтығысын басқару рәсімдері;
6) орталық контрагенттің басшы және өзге қызметкерлерінің инсайдерлік ақпаратты және бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануына жол бермеуге бағытталған рәсімдер;
7) сауда-саттыққа қатысушылардың сауда-саттыққа қатысушылар ретіндегі қызметінің тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасының, орталық контрагенттің ішкі құжаттарының талаптарына және сауда-саттық қатысушылардың қаржылық жағдайына қойылатын талаптарға сәйкес келу мониторингі мен бақылау талаптары және тәртібі;
8) сауда-саттыққа қатысушыларға қойылатын талаптар;
9) орталық контрагенттің ақпараттық саясаты.
12. Орталық контрагенттің тәуекелдерді басқару жөніндегі саясаты:
1) орталық контрагенттің директорлар кеңесінің, басқармасының, орталық контрагенттің тәуекелдерді басқару жөніндегі жауапты бөлімшесінің және орталық контрагенттің сауда-саттыққа қатысушыларға мониторинг және бақылау жасау жөніндегі жауапты бөлімшесінің өкілеттіліктері мен функционалдық міндеттерін, сондай-ақ осы органдар мен бөлімшелердің арасында ақпарат алмасу тәртібін;
2) орталық контрагенттің қызметіне және оның жүйесінің жұмыс істеуіне байланысты тәуекелдер көрсеткіштерінің сандық мәнін анықтау тәртібін қоса алғанда, тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау жөніндегі рәсімдерді;
3) стресс-тестинг жүргізу жөніндегі рәсімдерді, сондай-ақ тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша жоғары қолжетімді мәнін белгілеу жөніндегі рәсімдерді;
4) орталық контрагенттің қызметіне және оның жүйесінің жұмыс істеуі барысында туындайтын тәуекелдерді басқару жөніндегі шараларды;
5) осы тармақтың 2) тармақшасында белгіленген рәсімдер тиімділігі, орталық контрагенттің тәуекелдер көрсеткіштерінің мәндерін және тәуекелдерді басқару жөніндегі шараларды бағалаудың барабарлығы мониторингінің тетігін;
6) осы тармақтың 2) тармақшасында белгіленген рәсімдерге және осы тармақтың 3) тармақшасында шараларға сәйкес келмеген жағдайда қабылданатын шаралар тиімділігі мониторингінің тетігін;
7) тәуекелдер мониторингі, бағалау және бақылау жөніндегі рәсімдерді, оның ішінде:
орталық контрагенттің тәуекелдерді басқару жөніндегі жауапты бөлімшесінің орталық контрагенттің басқа бөлімшелерімен бірлесе отырып, тәуекелдер мониторингі бойынша қабылдайтын шараларын;
тәуекелдердің туындау жиілігін бағалауды, осы тәуекелдердің ықпалынан болған әсерлерді кейіннен ранжирлеуді және тәуекелдер көрсеткіштерінің жол берілетін ең жоғары мәндерін белгілеуді қоса алғанда, орталық контрагенттің тәуекелдерді басқару жөніндегі жауапты бөлімшесі жүзеге асыратын тәуекелдерді бағалауды;
орталық контрагент тәуекелдері көрсеткіштері мәндерінің және осы көрсеткіштердің жол берілетін ең жоғары мәндерінің өзгеруіне, сондай-ақ тәуекелдер көрсеткіштерінің мәндері тәуекелдер көрсеткіштерінің жол берілетін ең жоғары мәндеріне сәйкес келмеген жағдайда, тәуекелдерді барынша азайту мақсатында қабылданатын шараларға мониторинг жасауды қамтитын, орталық контрагенттің тәуекелдерді басқару жөніндегі жауапты бөлімшесі жүргізетін тәуекелдер мониторингі;
директорлар кеңесіне орталық контрагенттің сауда-саттыққа қатысушылар, функциясына осындай жағдайларды анықтау кіретін бөлімше қор биржасының сауда жүйесінде жасаған мәмілелер бойынша жауапкершілігіне әкелуі мүмкін кез-келген маңызды жағдайлар туралы дереу есептілік ұсыну тетігін;
сауда-саттыққа қатысушылар тәуекелдерінің көрсеткіштері мәндерінің және тәуекелдердің осы көрсеткіштерінің жол берілетін ең жоғары мәндерінің өзгеруіне, сондай-ақ тәуекелдер көрсеткіштерінің мәндері тәуекелдер көрсеткіштерінің жол берілетін ең жоғары мәндеріне сәйкес келмеген жағдайда, тәуекелдерді барынша азайту мақсатында қабылданатын шараларға мониторинг жасауды қамтитын, орталық контрагенттің сауда-саттыққа қатысушыларға мониторинг және бақылау жасау жөніндегі жауапты бөлімшесі жүргізетін тәуекелдер мониторингін айқындайды.
13. Орталық контрагенттің меншiктi активтерiн инвестициялаудың тәртiбi меншiктi активтер есебiнен қаржы құралдарымен мәмiлелердi жүзеге асырудың талаптары мен тәртiбiн, меншiктi активтер есебiнен қаржы құралдарымен мәмiлелердi жүзеге асыру барысында қолданылатын құжаттардың үлгі нысандарын белгiлейдi және мыналарды:
1) орталық контрагенттің меншiктi активтерiн инвестициялау саясатын әзiрлеу;
2) орталық контрагенттің меншiктi активтерiне қатысты, мыналарды:
ұсынымдар беруге уәкiлеттi тұлғалар лауазымдарының тiзбесiн;
инвестициялық портфельдiң жай-күйiн талдауды жүзеге асыру тәртiбiн; инвестициялауды жүзеге асыру болжанатын қаржы құралдарының болуын, айналысы мен кiрiстiлiгi талаптарын талдауды жүзеге асыру тәртiбiн;
инвестициялауды жүзеге асыру болжанатын қаржы құралдарымен байланысты тәуекелдерді талдауды жүзеге асыру тәртiбiн;
ұсынымдарды беруге маңызды факторларды талдауды жүзеге асыру тәртiбiн көздейтiн инвестициялық шешiмдер қабылдау үшiн ұсынымдар дайындау;
3) орталық контрагенттің меншiктi активтерiне қатысты инвестициялық комитет жұмысының сипаттамасын, отырыстарды өткiзудiң және рәсiмдеудiң кезеңдiлiгiн қамтитын инвестициялық шешiмдердi қабылдау;
4) орталық контрагент органдарының және бөлімшелерінің инвестициялық шешiмдердi дайындау, қабылдау және орындау барысында, оның ішінде орталық контрагент функцияларын жүзеге асыру арасында әлеуетті мүдделер қақтығысын басқару және орталық контрагенттің меншікті активтерін инвестициялау бойынша өзара іс-қимылы;
5) көмегi арқылы мәмiле жасау болжанатын (осындай бар болса) делдалмен (брокермен) өзара iс-әрекет жасау процестерiнiң сипаттамасы бар меншiктi активтер есебiнен қаржы құралдарымен мәмiлелердi жасасу және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру, мәмiлелердi жасасуға бақылау, активтердiң құрамын және қозғалысын салыстырып тексерудi жүзеге асыру, жасалған мәмiлелердi iшкi есепке алу және құжат айналымын жүргiзу, сондай-ақ меншiктi активтер есебiнен қаржы құралдарымен мәмiлелердi жасасуға бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың тiзбесi;
6) орталық контрагент басқармасының меншiктi активтері есебiнен жасалған қаржы құралдарымен операциялар жөнiндегi қызметтiң нәтижелері туралы есептiлiктi дайындау бойынша рәсiмдердi сипаттауды қамтиды.
14. Орталық контрагенттің меншiктi активтері есебiнен қаржы құралдарымен мәмiлелердi жасауды қамтамасыз ету мақсатында:
меншiктi активтердi инвестициялаудың мақсаттары мен стратегиясын;
инвестициялау объектiлерiнiң сипаттамасы мен тiзбесiн;
қаржы құралдарының түрлерi бойынша меншiктi активтердi инвестициялау лимиттерiн;
меншiктi активтер есебiнен жасалатын қаржы құралдарымен мәмілелерге қатысты белгіленген талаптар мен шектеулерді;
хеджирлеу құралдарының тiзбесiн және сипаттамасын көрсете отырып, меншiктi активтерді хеджирлеу және әртараптандыру талаптарын;
меншiктi активтердi инвестициялаумен байланысты негiзгi тәуекелдер туралы ақпаратты қамтитын, бірақ олармен шектелмейтін меншікті активтерді инвестициялау саясаты әзірленеді.
15. Орталық контрагенттің меншiктi активтерiн инвестициялаудың саясатын және оған енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды орталық контрагенттің директорлар кеңесi бекiтедi.
16. Арнайы резервтік және (немесе) кепілдік беру қорларын қалыптастыру, сондай-ақ пайдалану тәртібі мен шарттары:
1) арнайы резервтік және (немесе) кепілдік беру қорларының мөлшерін айқындау және бағалау әдістемесін;
2) орталық контрагенттің және сауда-саттыққа қатысушылардың арнайы резервтік және (немесе) кепілдік беру қорларына жарналарды жүзеге асыру тәртібі мен шарттарын;
3) арнайы резервтік және (немесе) кепілдік беру қорларының төлемдерін жүзеге асыру тәртібі мен шарттарын;
4) арнайы резервтік және (немесе) кепілдік беру қорларының активтерін инвестициялау мүмкіндігін, тәртібін және шарттарын қамтиды.
17. Жеке активтер, оның ішінде резервтік қор есебінен қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыру бойынша қызметті ұйымдастыруға қойылатын талаптар орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын тұлғалардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында айқындалады.
18. Кепілдік беру қорына жарнаның мөлшерін орталық контрагент клирингке екі қатысушының клирингке жіберілген міндеттемелерін көрсетілген міндетемелердің ең көп көлемімен орындамаған жағдайда, кепілдік беру қорының мөлшерін орталық контрагенттің әлеуетті зияндары мөлшерінен төмен емес деңгейде ұстау тұру қажеттілігін ескере отырып айқындайды. Әлеуетті зияндардың мөлшері тоқсан тоғыз пайыз сенімділік деңгейіне сәйкес келетін олардың туындау мүмкіндігіне жол беріле отырып айқындалады.
Орталық контрагент кепілдік беру қорын құрайтын ақшаны өзімен үлестес емес Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдарға орналастырады.
Орталық контрагент қатысушылардың позицияларын ағымдағы нарықтық құны бойынша бағалайды және ағымдағы тәуекелдердің жинақталуын шектеу үшін кемінде күніне бір рет қосымша кепілдік беру депозиттерін (вариациялық маржаны) алады.
19. Iшкi аудиттi және iшкi бақылауды жүзеге асыру рәсiмдерi:
1) iшкi аудит қызметiнiң құрамын, оның функцияларын, мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн;
2) iшкi аудиттi және iшкi бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерге қойылатын талаптарды;
3) iшкi аудит пен iшкi бақылаудың мәнiн және объектiсін;
4) iшкi аудит қызметiнiң тексеру жүргiзу ауқымын және жиiлiгiн;
5) iшкi аудиттi жүргiзу кезiнде тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалау жүйесін мiндеттi түрде пайдалануды;
6) iшкi аудиттi жүргiзу жоспарын жасауға қойылатын талаптарды;
7) iшкi аудит қызметiнiң орталық контрагенттің директорлар кеңесіне тексеру нәтижелерi туралы есептерді ұсыну мерзiмдерiн және нысанын айқындайды.
20. Орталық контрагенттің қызметiн жүзеге асыру барысында оның органдарымен және (немесе) бөлiмшелерi арасында туындайтын орталық контрагенттегі орын алған және әлеуетті мүдделер қақтығысын басқару рәсiмiне:
1) төмендегілерді қамтамасыз етуге бағытталған орталық контрагент органдарының шешiм қабылдау рәсiмдерi:
орталық контрагент органдарының мүшелері қабылдайтын шешiмдердiң тәуелсiздiгiн;
орталық контрагент органдары мүшелерінің қабылданатын шешімдерге мүдделі болмауын;
орталық контрагент органдары мүшелерiнiң және қызметкерлерiнiң орталық контрагент органдарының отырыстарын жүргізу барысында алынған ақпаратты тұлғалардың көпшілік тобы арасында осы ақпаратты ресми жариялағанға дейiн, оны өзiнiң жеке мақсатында не үшiншi тұлғалардың мүддесінде пайдалануын шектеу;
2) орталық контрагент органдарының отырыстарын жүргiзу қорытындылары бойынша хаттамаларды мiндеттi жасау мен сақтау бойынша талаптар;
3) орталық контрагенттің бөлiмшелерi арасында, орталық контрагенттің органдары мен бөлiмшелерi арасында, орталық контрагенттің бөлімшелері арасында орын алған және әлеуетті мүдделер қақтығысын сипаттау;
4) орын алған мүдделер қақтығысын реттеу мақсатында орталық контрагенттің жүргiзетiн iс-шаралары, сондай-ақ әлеуетті мүдделер қақтығысын реттеуге бағытталған алдын алу шаралары кіреді.
21. Инсайдерлiк ақпаратты және бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты орталық контрагенттің басшылары мен өзге қызметкерлерінің пайдалануын болдырмауды көздейтін рәсімдер:
1) инсайдерлiк және өзге конфиденциалдық ақпаратты өзiнiң мүддесі немесе үшiншi тұлғалардың мүддесі үшін пайдалалана отырып мәмiлелер жасасуды болдырмауға;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, инсайдерлiк немесе оған негізделген ақпаратты үшiншi тұлғаларға беруді және тұлғалардың көпшілік тобы арасында оны таратуды болдырмауға;
3) орталық контрагент қызметкерлерiнiң инсайдерлiк және өзге конфиденциалдық ақпаратқа негізделген қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер туралы ұсынымдарды үшiншi тұлғалар беру мүмкiндiгiн шектеуге;
4) Бағалы қағаздар туралы заңның 56-1-бабында көзделген орталық контрагенттің инсайдерлiк ақпаратына иелік етуге және оны пайдалануға бақылау бойынша шараларға бағытталған.
22. Сауда-саттыққа қатысушылар ретінде олардың қызметінің тәртібін регламенттейтін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнаманың талаптарына және орталық контрагенттің ішкі құжаттарына сәйкес болу мәніне сауда-саттыққа қатысушылардың мониторингі және бақылау тәртібі мен талаптары мыналарды қамтиды:
1) сауда-саттыққа қатысушылардың есептерінің және олардың қаржылық жай-күйінің мониторингіне қажетті өзге де ақпараттың тізбесі;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген есептерді және өзге ақпаратты ұсыну шарттары мен мерзімдері;
3) орталық контрагенттің осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген есептерді және өзге ақпаратты қарау тәртібі мен мерзімдері;
4) сауда-саттыққа қатысушылардың қаржылық жай-күйін бағалау әдістемесі;
5) орталық контрагенттің басшы қызметкерлері мен бөлімшелері сауда-саттыққа қатысушылардың қаржылық жай-күйі туралы жиынтық есептерді жасау және ұсыну тәртібі мен мерзімдері;
6) сауда-саттыққа қатысушылардың қаржылық жай-күйіне белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін сауда-саттыққа қатысушыға қатысты шараларды қабылдау тәртібі мен талаптары;
7) сауда-саттыққа қатысушылар ретінде олардың қызметінің тәртібін регламенттейтін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнаманың талаптарына және орталық контрагенттің ішкі құжаттарына сәйкес болу мәніне сауда-саттыққа қатысушылар мониторингінің жылдық жоспары;
8) сауда-саттыққа қатысушылар ретінде олардың қызметінің тәртібін регламенттейтін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнаманың талаптарына және орталық контрагенттің ішкі құжаттарына сәйкес болу мәніне сауда-саттыққа қатысушыларға тексеру жүргізу тәртібі мен талаптары;
9) сауда-саттыққа қатысушылар ретінде олардың қызметінің тәртібін регламенттейтін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнаманың талаптарына және орталық контрагенттің ішкі құжаттарына сауда-саттыққа қатысушылардың сәйкестігін бағалау әдістемесі;
10) сауда-саттыққа қатысушыларды тексеру нәтижелерін ресімдеу және осы ақпаратты орталық контрагенттің басшы қызметкері мен бөлімшелеріне ұсыну тәртібі мен мерзімдері;
11) сауда-саттыққа қатысушылар ретінде олардың қызметінің тәртібін регламенттейтін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнаманың талаптарына және орталық контрагенттің ішкі құжаттарына сәйкес келмейтін сауда-саттыққа қатысушыларға қатысты шараларды қолдану тәртібі мен талаптары.
23. Сауда-саттыққа қатысушыларға қойылатын талаптар:
1) қаржылық жағдайына;
2) тәуекелдерді басқарудың және ішкі бақылаудың тиісті жүйелерінің болуына;
3) қор биржасының сауда-саттық жүйесінде жасалатын мәмілелер бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету, оның ішінде осындай мәмілелер бойынша қажетті қамтамасыз етуді қалыптастыру бойынша шараларды сақтауына талаптарды қамтиды.
24. Орталық контрагенттің ақпараттық саясаты мыналардан тұрады, бірақ мыналармен шектелмейді:
1) орталық контрагенттің ақпаратты жариялау тәртібі мен талаптары;
2) орталық контрагенттің беделіне ықпал етуі мүмкін ақпаратқа тұрақты мониторинг жүргізу бойынша талаптар;
3) орталық контрагенттің беделіне зиян келтіруі мүмкін ақпарат пайда болған және таралған жағдайда қажетті шараларды уақытылы қабылдау бойынша талаптар.
25. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық:
1) өрт қауіпсіздігі бойынша негізгі талаптардан;
2) төтенше жағдайлар және (немесе) күтпеген жағдайлар орын алған жағдайда орталық контрагент қызметкерлерінің іс-әрекеттері сипатталған төтенше жағдайлар және (немесе) күтпеген жағдайлар туындаған жағдайдағы іс-қимылдар жоспарынан;
3) орталық контрагент қызметкерлерінің бағдарламалық-техникалық кешендерді және өзге жабдықтарды пайдалану тәртібінен;
4) орталық контрагенттің үй-жайларды жабудың алдында қараудың жүйелілігінен тұрады.
26. Орталық контрагенттің тәуекелдерді басқару жүйелерін құруды және олардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында орталық контрагенттің ұйымдық құрылымында тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын жеке бөлімше құрылады.
27. Тәуекелдерді басқару бөлімшесінің басшысы мен қызметкерлері жоғары білімді, кәсіби құзыреті және тәуекелдерді басқару саласында кем дегенде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі болады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамаларын біледі.
28. Орталық контрагенттің ұйымдық құрылымы өзіне негізгі функциясы сауда-саттыққа қатысушылар ретінде олардың қызметінің тәртібін регламенттейтін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнама талаптарына және орталық контрагенттің ішкі құжаттарына сәйкестігі мәніне сауда-саттыққа қатысушылардың мониторингі және бақылау болып табылатын бөлімшесін енгізеді.
29. Орталық контрагенттің қызметін жүзеге асыру барысында оның органдары және (немесе) бөлімшелері арасында туындайтын мүдделердің орын алған және әлеуетті қақтығысын басқару мақсатында мынадай шаралар қабылданады:
1) мүдделер қақтығысы орын алған немесе туындауы мүмкін бөлімшелердің орталық контрагенттің түрлі басшы қызметкерлеріне есептілігін қамтамасыз етеді;
2) орын алған және әлеуетті мүдделер қақтығысын ескере отырып, орталық контрагенттің бөлімшелері мен органдары арасында ақпарат алмасу тәртібі әзірленеді және енгізіледі;
3) ішкі аудит қызметі орталық контрагенттің бөлімшелері және қызметкерлерінің қызметін орын алған және әлеуетті мүдделер қақтығысын басқару бойынша қабылданған рәсімдерге сәйкестігіне тексеруді үнемі жүзеге асырады.
30. Орталық контрагент өз қызметінде тәуекелдердің мынадай түрлеріне мониторингті жүзеге асырады:
1) кредиттік тәуекел;
2) өтімділікті жоғалту тәуекелі;
3) баға тәуекелі;
4) валюталық тәуекел;
5) пайыздық тәуекел;
6) операциялық тәуекел;
7) бедел тәуекелі;
8) құқықтық тәуекел;
9) орталық контрагенттің тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатына сәйкес өзге тәуекелдер.
31. Тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімше орталық контрагенттің сауда-саттыққа қатысушылардың мониторингін және бақылауды жүзеге асыратын бөлімшесімен және құқықтық қамтамасыз ету бөлімшесімен (заң бөлімшесі) бірлесе отырып орталық контрагенттің Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарын бұзуы, оның ішінде орталық контрагенттің ішкі құжаттарының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес келмеуі, орталық контрагенттің қызметі практикасының оның ішкі құжаттарына сәйкес келмеуі салдарынан туындайтын құқықтық тәуекелдерді реттеуді мыналар арқылы:
1) орталық контрагент қызметінің Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына, орталық контрагенттің ішкі қағидаларына және рәсімдеріне сәйкес келуін бақылауды жүзеге асыру;
2) орталық контрагент қызметінің Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасымен, орталық контрагенттің ішкі құжаттарымен белгіленген талаптарға сәйкестігіне бақылауды жүзеге асыру;
3) орталық контрагенттің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасымен орталық контрагент қызметкерлерін тұрақты негізде таныстырып отыру;
4) орталық контрагенттің Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасымен белгіленген талаптарын, оның өзгеруіне байланысты орындамау тәуекелдеріне бағалау жүргізу арқылы қамтамасыз етеді.
32. Тәуекелдер мониторингін жүргізу, бақылау мен басқарудың мақсаты:
1) тәуекелдер мен қауіп-қатерлерді уақытылы айқындау;
2) тәуекелдер көрсеткішінің ең жоғары рұқсат етілген мәндерін бағалаудың сапасын арттыру;
3) тәуекелдерді басқарудың балама тетіктерін дамыту;
4) тәуекелдерді барынша азайту және басқару бойынша уақытылы шаралар қабылдауды қамтамасыз ету;
5) тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшені қоса алғанда, орталық контрагенттің жеке бөлімшелерін тәуекелдерге мониторинг жүргізу және бағалау процесіне тарту.
33. Тәуекелдерді айқындау рәсімі тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшемен бірлесе отырып жүргізген бөлімше қызметіне байланысты орталық контрагенттің әр бөлімшесі жүзеге асыратын мұқият шолу және мониторинг жүргізуге негізделеді.
34. Айқындалған тәуекелдер мынадай сипаттамалар бойынша талданады:
1) тәуекелдердің орын алу жиілігі;
2) тәуекелдердің ықпал ету көлемі.
35. Талдаудың нәтижелері негізінде рұқсат етілген түрде белгіленген тәуекелдердің мәніне қарай, тәуекелдер қабылданатын және қабылданбайтын боп сараланады.
36. Тәуекелдерді бағалау және бақылаудың нәтижелері тәуекел көрсеткішінің жалпы (интегралды мәні), сол сияқты орталық контрагент қызметінің әр жеке түрі үшін сандық мәнін айқындау үшін пайдаланылады.
37. Тәуекелдер көрсеткішінің сандық мәні тәуекелдер көрсеткішінің ең жоғары рұқсат етілген мәнін, тәуекелдердің белгіленген рұқсат етілген көрсеткіштеріне сәйкестігін, сондай-ақ белгіленген рұқсат етілген көрсеткіштерге сәйкес келмейтін тәуекелдерді азайту және басқару үшін тиісті шешімдері қабылдау қажеттігін бағалауға мүмкіндік береді.
38. Орталық контрагент қызметінің әрбір жеке түріне тән тәуекелдер көрсеткішінің сандық мәнін қызметтің осы түрін жүзеге асыратын орталық контрагенттің бөлімшесі тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшемен бірлесе отырып есептейді.
39. Клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшесі қор биржасының сауда жүйесінде қаржы құралдарымен мәмілелер жасаудың қорытындылары бойынша клиринг процесінің бұзылуын туғызған техникалық іркілістер және өзге жағдайлар туралы директорлар кеңесі мен басқармаға осындай техникалық іркілістер және өзге жағдайлар туындаған күні хабарлайды.
40. Орталық контрагенттің директорлар кеңесі процестің бұзылуын туғызған техникалық іркілістер және өзге жағдайлар туралы ақпаратты олар орын алған күннен кейінгі күн ішінде уәкілетті органға беруді қамтамасыз етеді.
41. Орталық контрагенттің тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшесі туындаған тәуекелдер жағдайы және тәуекелдердің туындауы нәтижесінде шеккен зиянның мөлшері туралы директорлар кеңесі мен басқармаға тоқсан сайын есеп жасайды, сондай-ақ тәуекелдердің өзі, сол сияқты олар туғызған салдарларды азайту бойынша іс-шаралар жоспары ұсынылады.
42. Орталық контрагенттің басқармасы орталық контрагенттің тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшесінің тәуекелдер көрсеткішінің сандық мәнін бағалау жөніндегі қорытынды негізінде орталық контрагенттің директорлар кеңесі бекітетін тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша рұқсат етілген мәндерін айқындайды.
43. Жаңа тәуекелдер туындаған жағдайда және (немесе) тәуекел көрсеткіштерінің мәндері тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша рұқсат етілген мәндерімен сәйкес келмеген жағдайда тәуекелді және (немесе) осы сәйкессіздікті анықтаған орталық контрагенттің бөлімшесі директорлар кеңесін және басқарманы хабардар етеді.
44. Тәуекелдерді бағалау нәтижелерінің негізінде оларды барынша азайтуға бағытталған ықтимал шаралар айқындалады.
45. Тәуекелдерді барынша азайту тәуекелдердің мәні тәуекелдер көрсеткiштерiнiң жол берілетін шектi мәнiне жуық болғанда не шектен асып кеткен жағдайларда қажетті болып табылады. Тәуекелдерді барынша азайту мына шаралардың біреуін немесе бірнешеуін қабылдау арқылы жүзеге асырылады:
1) орталық контрагенттің қызметі барысында оның органдары қабылдайтын барлық шешiмдерге тән тәуекелдер туындаған жағдайда залалды анықтау және барынша азайту бойынша рәсiмдердi жетiлдiру;
2) тәуекелдерді басқару саласында орталық контрагент қызметкерлерінің біліктілігін арттыру;
3) ішкі аудит қызметінің орталық контрагент жүйесінің жұмы